Аймақтар
1 мин оқу 300
Зайсанда провизорлық стационар ашылды
<p style="text-align: justify;">Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан қаласының қараусыз қалған ғимараттарының бірінде уақытша провизорлық стационар ашылды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>
Инженерлік желілерді, терезелер мен үй-жайларды жөндеуге 40 млн теңге жұмсалды. Емдеу мекемесі 50 орындыққа қамтылған. Провизорлық стационарды коронавирус эпидемиясының екінші толқынына дайындық ретінде ашты. Сондай-ақ "Ауыл – ел бесігі" бағдарламасы аясында жергілікті меценат мекемеге 23 оттегі концентратын сыйға тартты.
Бөлісу: