Заңсыз бекіре балығын аулаған атыраулықтар құрықталды
<p style="text-align: justify;">Заңсыз бекіре балығын аулаған атыраулықтар ұсталды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>
Атырау полицейлері заңсыз жолмен бекіре балығын аулаған екі ер адамды қолға түсірді.
8 қыркүйек күні Полиция департаментінің Балық қорына қылмыстық қол сұғушылықпен күрес бөлімінің қызметкерлері Жайық өзеніндегі рейдтік іс-шаралар барысында Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының қызметкерлерімен бірлесіп (рыбоохрана) “Yamaha-40” аспалы қозғалтқышы бар Бударка қайығын тоқтатты.
Тексеру кезінде қайықтағы Дамба ауылының 36 жастағы екі тұрғынынан екі қапқа салынған жалпы салмағы 60 келіге жуық бекіре тұқымдас балықты, сондай-ақ 40 келі сазан мен ау-тор тәркіленіп алынды.
Қазіргі уақытта екі азамат уақытша ұстау орнында. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру Қылмыстық кодекстің 335-бабы (Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсiмдiктерін заңсыз алу) бойынша жүргізілуде.