Әлем
1 мин оқу 1,487

Минаға ұрынған жедел жәрдем көлігінде 6 адам қаза тапты

<p style="text-align: justify;">Малидің оңтүстігінде жедел жәрдем көлігі жолға қойылған минаға ұрынып, алты адам қаза тапты, деп хабарлайды <a href="https://egemen.kz/">Egemen.kz</a>.</p>

Ведомоство өкілінің мәліметіне қарағанда, жедел жәрдем автомобилі Йоросо қаласына аяғы ауыр әйелді әкеле жатқан. Көлікте болған алты жолаушының бәрі де опат болды. Болған оқиға үшін жауаптылар әзірге анықталған жоқ.

Бөлісу:
Минаға ұрынған жедел жәрдем көлігінде 6 адам қаза тапты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар