Аймақтар
1 мин оқу 253

Шиеліде тұрғын үй ауласындағы көлік толығымен өртеніп кетті

<p style="text-align: justify;">Қызылорда облысында тұрғын үй ауласында тұрған "ГАЗель" автокөлігі толығымен жанып кетті, деп хабарлайды <a href="https://egemen.kz/">Egemen.kz</a> ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.&nbsp;</p>

Оқиға Шиелі кентінде 12 қыркүйек күні сағат 21.57-де тіркелді. Жергілікті өрт сөндіру бөлімінің байланыс бекетіне аудан орталығындағы Қажымұқан көшесіндегі тұрғын үйдің жанында автокөлік өртеніп жатқаны жөнінде хабар келіп түскен.

"Оқиға орнына аудандық төтенше жағдайлар бөлімінен арнайы 4 маман барды. Сол кезде тұрғын үй ауласында "ГАЗель" автокөлігі өртеніп жатқан. Автокөлікке газ қондырғысы орнатылғаны белгілі болды. Өрт сағат 22.20-да толығымен сөндірілді", деді Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Айгүл Нұрманова.

Өрттің шығу себебі мен одан келген шығын көлемі есептелуде

Бөлісу:
Шиеліде тұрғын үй ауласындағы көлік толығымен өртеніп кетті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар