Әлем
1 мин оқу 250

Үндістанда коронавирус жұқтырғандар саны 5 миллонға жуықтады

<p style="text-align: justify;">Үндістанда тәулік ішінде коронавирус жұқтырғандар саны тағы күрт өсті. Өткен күні 94 372 адамнан COVID-19 анықталды, деп хабарлайды <a href="https://egemen.kz/">Egemen.kz.</a></p>

Денсаулық сақтау министрлігінің деректеріне қарағанда, елде коронавирус жұқтырғандар саны 4 754 356-ға жетті. 78 586 науқас қайтыс болды, оның ішінде соңғы тәулікте 1 114 адам көз жұмды.

Ал 3 702 595 үндістандық аурудан айықты. Махараштра штаты пандемиядан көп зардап шеккен штат болып отыр. Одан кейін үш аймақ: Андхра-Прадеш, Тамилнад және Карнатака тұр.

Хопкинс университетінің деректеріне қарағанда, Үндістан дүние жүзі бойынша коронавирус жұқтырғандар саны бойынша екінші орында тұр. 

Бөлісу:
Үндістанда коронавирус жұқтырғандар саны 5 миллонға жуықтады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар