Хоккей
1 мин оқу 173

«Динамодан» ұтылып қалды

<p style="text-align: justify;">&laquo;Барыс&raquo; құрлықтық хоккей лига&shy;сындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің &laquo;Динамо&raquo; (Мәскеу) командасына қарсы өткізді.</p>

«Динамодан» ұтылып қалды

Кездесу бастала сала айдын иелері ойын тізгінін қолына алды. Нәтижесінде елор­­­далық хоккейші Даррен Диц 2-минут­та «Барысты» алға шығарды. Алайда араға 3 минут салып «Динамо» хоккейшісі Дмитрий Яшкин таразы басын теңестірді. Ойынның 9-минутында «Барыс» тағы алға шықты. Голдың авторы – Кёртис Валк.

Екінші кезеңнің 28-минутында ресей­ліктер сапында Теему Пулккинен есепті теңестірді. Бұдан кейін «Барыс» тағы екі шайба соқты. Ойынның 31-минутта Линус Виделль мергендік танытса, 37-минутта Даррен Диц кездесудегі екінші голдың авторы атанды.

Алайда үшінші кезеңде «Динамо» екі шайба соғып кетті. Вадим Шипачёв 51, 59-ми­нуттарда мергендік танытты.

Овертаймға жалғасқан кездесуде «Ди­намо» жеңіс шайбасын соғып 5:4 есебі­мен басым түсті.

Бөлісу:
«Динамодан» ұтылып қалды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар