Футбол
1 мин оқу 190
«Химкидің» намысын қорғайды
<p style="text-align: justify;">Футболдан Қазақстан ұлттық құра­масының ойыншысы Исламбек Қуат Ресейдің «Химки» командасының намысын қорғайды.</p>

Клуб сайтының хабарлауынша медициналық комиссиядан өткен жерлесіміз ресми түрде команда құрамына қосылды.
«Химки» клубына ауысқан Исламбек алғашқы матчын да өткізіп үлгерді. Ресей Премьер-лигасының 7-тур аясында Екатеринбургтың «Урал» командасына қарсы шыққан «Химки» 1:3 есебімен жеңіліс тапты. Қуат негізгі құрамға шығып, жасыл алаңда 90-минут бойы ойын өрнегін көрсетті.
Бөлісу: