Қоғам
1 мин оқу 460

Демалыс күндеріндегі шектеу шаралары қашан алынады?

<p style="text-align: justify;">Қазақстанның Бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова демалыс күндеріндегі локдаунды алу мәселесіне орай пікір білдірді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

"Демалыс күндері шектеу шараларын алып тастау туралы мәселе әзірге қарастырылмайды. Бізде демалыс күндері онсыз да шектеу шаралары көп емес. Демалыс күндері адамдар көп жиналатын сауда, ойын-сауық орталықтарының, жабық базарлардың, фитнес-орталықтардың, спа-орталықтардың және сұлулық салондарының жұмысына ғана шектеу бар. Бұл минималды талаптар. Біздің міндетіміз – эпидемиологиялық ахуал тұрақтылығын сақтау және аурудың одан ары төмендеуіне қол жеткізу", - деді Айжан Есмағамбетова БАҚ өкілдеріне сұхбат беру барысында.

Бөлісу:
Демалыс күндеріндегі шектеу шаралары қашан алынады? · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар