Кино
1 мин оқу 720

"Томирис" фильмі Францияда өткен кинофестивальде бас жүлдеге ие болды

<p style="text-align: justify;">Режиссер Ақан Сатаевтың "Томирис" фильмі қыркүйектің 2-сі мен 13-і аралығында Парижде өткен франциялық L'&Eacute;trange Festival кинофестивальінің Гран-приін жеңіп алды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;"<a href="https://kazakhfilmstudios.kz/kaz/press/news/10602/">Қазақфильм</a>" баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

"Томирис" фильмі Францияда өткен кинофестивальде бас жүлдеге ие болды

Арнайы "Жаңа жанр" жүлдесін Франциядағы ең ірі ақылы телеарналардың бірі Canal+ табыстап, фильмді көрсету құқығын сатып алып, прайм-тайм уақытында көрсетілу жоспарлап отыр.

Еске салсақ, кинотуынды  біздің заманымызға дейінгі VI ғасырда болған оқиғаны суреттейді. Фильмде кішкентай қыздан айбынды жауынгерге айналған, жақындарынан айрылып, сатқындардан өшін алған және сақ тайпаларын өз билігі астында біріктірген ұлы даланың аты аңызға айналған Томирис патшайымының тағдыры баяндалады.

Фильм ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен "Қазақфильм" киностудиясында Sataifilm компаниясының қатысуымен түсірілген.

Бөлісу:
"Томирис" фильмі Францияда өткен кинофестивальде бас жүлдеге ие болды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар