Петропавл әуежайы жабылуы мүмкін
<p style="text-align: justify;">Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің мамандары Петропавл халықаралық әуежайынан бірқатар ереже бұзушылық анықтады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің мамандары 9-11 қыркүйек аралығында Петропавл халықаралық әуежайын тексерген. Тексеру барысында мамандар әуе кеңістігін пайдалану және ұшуларды әуеайлақтық қамтамасыз ету, ұшуларды электржарықтехникалық қамтамасыз ету, ұшуларды авариялық-құтқарумен қамтамасыз ету бөлігінде авиация қызметі туралы заңнама талаптарының бұзылуын анықтаған.
"Тексеру аяқталған күннен бастап бір ай ішінде заңбұзушылықтарды жою қажеттілігі туралы инспекторлық нұсқама берілді", - делінген хабарламада.