Елордада 460-тан аса карантин талабын бұзушы анықталды
<p style="text-align: justify;">Елордада карантин режімін сақтау бойынша рейдтер жалғасуда, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> елорда әкімдігіне сілтеме жасап.</p>
Мобильді топ 12 және 13 қыркүйекте Алматы ауданында 20 ШОБ субъектісін тексеріп, 4 карантин талаптарын бұзған нысан анықтады;
Байқоңыр ауданында 18 ШОБ субъектісі тексеріліп, 9 бұзушылық анықталды;
Есіл ауданында 16 ШОБ субъектісі тексеріліп, 7 бұзушылық анықталды;
Сарыарқа ауданында 16 нысан тексеріліп, 4 бұзушылық анықталды.
14 қыркүйектегі жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан қаласының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті басқармаларына аудандық полиция басқармаларынан карантинді бұзуға жол берген адамдарға қатысты 1080 материал келіп түсті. ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы бойынша (халықтың санитарлық-эпидемиялық салауаттылығы бойынша талап бұзушылықтар) 469 жеке және заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.