Медицина
2 мин оқу 185

19 млрд теңгеден астам қаражат бөлді

<p style="text-align: justify;">&laquo;Елімізде МӘМС жүйесі енгізілген жарты жылдың қорытындысы бойынша Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры МӘМС пакетіндегі медициналық көмек ақысы үшін елордадағы медицина ұйымдарына 19,3 млрд теңгеден астам қаржы бөлді&raquo; деп хабарлайды &laquo;Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры&raquo; КеАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының баспасөз қызметі.</p>

19 млрд теңгеден астам қаражат бөлді

Осылайша 6 ай ішінде Нұр-Сұлтан қаласы бойынша МӘМС-ке 12 млрд теңгеден астам сомада жарналар мен аударымдар түсті.

2020 жылдың 6 айының қоры­тын­дысы бойынша елорда­дағы МӘМС пакеті аясында көр­сетілген медициналық қызметтер үшін 19,3 млрд теңгеден астам қаражат төленді. Төлем халыққа көр­сетілген медициналық қыз­мет­тердің көлемі мен сапасына мо­ниторинг жүргізілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады. Кли­никалық хаттамаларды және ем­деуге қажетті талаптарды сақ­тай отырып, факті бойынша көр­сетілген және құжатпен рас­талған қызметтерге ғана төленеді.

Жарты жылдағы шығындардың басым бөлігі, 9 млрд теңгеден астам сома – стационарлық меди­циналық көмек төлемі. 6 ай ішінде жоспарлы түрде елорда стационарларында 33840 адам емделді.

Көрсетілген консультациялық-диагностикалық көмек үшін шамамен 2,9 млрд теңге төленді.

МӘМС жарналары мен аударым­дары Әлеуметтік меди­ци­налық сақтандыру қорының өзіне емес, Ұлттық банктегі арна­йы шотқа түседі. Сол жерден қара­­жат МӘМС пакеті бойынша көр­сетілген медициналық қыз­меттер ақысы ретінде Қордың қызмет жеткізушілеріне – медицина ұйымдарына жіберіледі.

Бірінші жартыжылдықта бар­лық азаматтар МӘМС жүйе­сінде шартты түрде сақтанды­рыл­ды және оларға кепілді көмек аясын­да да, МӘМС аясында да ме­ди­циналық қызметтер қолжетімді болды.

Сонымен қатар 8269 адам құны 1,5 млрд теңгеден асатын меди­циналық оңалтудан өтсе, 1589 азамат 4,5 млрд теңгеден ас­там сомаға жоғары техноло­гия­лық медициналық қызмет алды.

Екінші тоқсанда карантин шеңберінде жоспарлы түрде ме­дициналық көмек көрсетуге шектеу қойылғаны естеріңізде болар. 1 тамыздан елордадағы клиникаларда жоспарлы медицина­­­лық көмек қайта басталды, сон­дық­тан екінші жартыжылдықта МӘМС жүйесінде көрсетілген ме­дициналық қызметтер бойынша көрсеткіштер өседі деп күтілуде.

Бөлісу:
19 млрд теңгеден астам қаражат бөлді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар