Экономика
2 мин оқу 156

Тауарларды жергілікті жерде өндіреді

<p style="text-align: justify;">ERG (Еуразиялық топ) отандық тауар өндірушілермен әріптестікті нығай&shy;тып, қазір бар өндірісті жаңғырту мен жаңа өндіріс ашу ісіне ин&shy;в&shy;ес&shy;&shy;торлар тар&shy;туда. Тек 2019 жылы компания 2 мыңнан астам отан&shy;дық орта және шағын бизнес өкілдерінен жалпы сомасы 280 млрд тең&shy;генің тауар&shy;ларын, жұмыс пен қызметтерін сатып алған. Ал им&shy;порт&shy;ты ал&shy;мастыруға бағытталған жаңа бағдарлама сатып алулар&shy;дағы отан&shy;дық тауар, жұмыс пен қызмет үлесін арттыруға сүбелі үлес қоспақ.</p>

Тауарларды жергілікті жерде өндіреді

Компания кәсіпорындарының алдағы бес жылдағы ұзақ мерзімді қажеттіліктерін қалыптастыру қа­мындағы бағдарламаның алғаш­қы кезеңін аяқтады.

– Бұл топтың барлық кәсіп­орын­дарының ұзақ мерзімді қа­жет­­тіліктерін түгел қамтып, им­порт­ты алмастыру мүмкін­дік­терін ба­ға­лау үшін тиісті сомаларын көр­сете отырып жасалған, – деді Еу­ра­зиялық топ­тың сатып алулар әдістемесі және контроллинг жө­ніндегі директоры Анатолий Демидов. – Бұл тізбектегі тауар­лар біздің елде өндірілмейді немесе қажет­ті көлемде, тиісті сапада өн­діріл­мей отырған тауарлар. Осы тауарлар тізімі бойынша өті­нім­дер келіп түскен жағдай­да, топ ұзақ мерзімді немесе оффтейк келісімшарттарын жасау мәселесін қарастыруға даяр.

Келесі кезеңде бағдарламаға қаты­суға түскен өті­німдер жиналып, қарасты­ры­лады. Келіп түскен барлық өтінімдерді арнайы жұмыс тобы қарастырады. Ол жіті сараланған соң, келісімшарт жасасу туралы түпкі шешім қабылданады.

ERG кәсіпорындарының қа­жетті­лігі тізімінде (2021-2025 жылдарға қажеттілік) жалпы сомасы 800 млрд теңгенің 250 атаулы тауары бар. Келешекте бұл тізім жаңартылып, ұлғая түспек.

Бұған қатысты толымды ақ­парат, қажетті құжаттар тізімі мен байланыс мәліметтерін ERG-дің сатып алулар порталынан көруге болады.

ERG отандық үлесті арттыру бағдарламасын жүзеге асыруға барынша мақсатты түрде, жоспарлы әрі тиімді қатысуға талпынады. Топ отандық жеткізушілермен әріп­тес­тік аясын жылдан-жылға кеңей­тіп, жақсы нәтижеге қол жеткізіп келеді. Мәселен, тауар, жұ­мыс пен қызметті сатып алу­лар­дағы отандық үлес 2016 жылы 50% болса, 2019 жылы 60%-ға жетті. Бұл көр­сеткішті әлі де жоға­ры­лату мақсатында жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр.

Жыл сайын компания қазақ­стан­дық өндірушілерден жалпы номенклатурасы 7 мыңнан астам тауар сатып алады. Олардың арасында жанар-жағармайдан бастап, дайын өнімге дейінгі алуан түрлі өнім бар.

Бұдан бөлек, ERG жыл сайын өз жеткізушілері арасында Supplier Award байқауын ұйымдасты­ра­ды. Онда қазақстандық өндіруші­­лер жеке аталымда марапаттала­­ды. Осылайша компания отан­дық бизнеске қолдау көрсетеді. Әрі жыл сайын ERG жалпы сома­сы 2,5 млрд доллардың өнімін сатып алатын болса, соның әрбір төртіншісі Қазақстанда сатып алынады.

Бөлісу:
Тауарларды жергілікті жерде өндіреді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар