Технология
3 мин оқу 850

«Ақылды маскалар» вирустан қорғай ала ма?

<p style="text-align: justify;">Пандемияның белең алып, күллі адамзатты сансыратуы әлі де тоқтар емес. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы кеселді індеттен қорғануда медициналық маскалар мен қорғаныштық құралдарды қолдануды міндеттейді. Осы орайда заманауи технологиялар негізінде әзірленген &laquo;ақылды маскалар&raquo; жөнінде естуіңіз бар ма?</p>

Кәрі құрлық елдерінде коро­на­вирус эпидемиясының өр­шуіне байланысты ауруханаларда қорғаныс құралдарының жетіс­пеушілігі байқалды. Сондықтан дәрігерлер дайвинг бетпердесін қолдана бастаған. Италия меди­циналық мекемелері дәрігер Ре­нато Фавероның ұсынысымен әзірленген дайвинг бетпердесін қазірдің өзінде ақ халатты абзал жандар игілігіне пайдалануда.

Бір қызығы, 3D басып шыға­ратын құрылғының көмегімен жоғары әрі тиімді медициналық сүзгілерді орнатуға мүмкіндік беретін арнайы адаптер әзір­ленген. Вирустан қорғануда кә­дуілгі ме­дициналық маскадан кем болмайтын бұл маскаларды АҚШ-тың Өнімдер мен дәрі-дәрмектерді бақылау жөніндегі агенттік те ма­құлдап отыр. Дай­винг бетпер­делері қорғаныс құ­ралдары ретінде өте жақсы жұмыс істейді. Мұқият дезинфекциялаудан кейін оларды қайта пайдалана беруге де болады.

1

Ал Сингапур ғалымдары коро­навирустық инфекцияның бел­гілерін анықтайтын бетперде ой­лап тапқан еді. Онда адамның пульсі, дене қызуы, қысым және оттегі деңгейі сияқты маңызды бел­гілер туралы ақпарат жинай­тын датчиктер орнатылған. Әр жарты сағат сайын датчиктер адамның денсаулығы туралы мәліметтерді ұялы телефондағы арнайы қо­сымшаға жібереді. Ол арқылы дә­рігерлер науқастың жағдайын бақылай алады. Датчиктерді қор­ғаныс құралдарымен бірге жууға, тіпті бір маскадан екін­ші­сіне ауыстыруға болады. Қазіргі уақытта аталған масканың бағасы 36 АҚШ долларынан асады, ал өндіріс барысы дами түссе, 14,6 долларға дейін төмендеуі мүмкін.

Осы орайда елімізде жаһан жұр­тынан қалыс қалмай, ел игі­лігіне медициналық маскаларды әзірлеуде. Отандық Qamqor Tech компаниясы израильдік Sonovia компаниясымен бірлесе отырып, елордада SONOMASK атты вирусқа және бактерияларға қарсы медициналық маскалар өн­дірісін іске қосты. Израиль техно­логиясымен әзірленетін маска вирус пен бактериядан қорғап қана қоймай, тіпті, оларды жойып жібере алады.

Медициналық маскалар бірегей патенттелген ультрадыбыстық тех­нология негізінде Назарбаев Уни­верситеті жанындағы технопаркте шығарылады. Шығарылған маскалар бактерияларды 99,99% және вирустарды 98,89% жоюға кепілдік береді. Айта кетерлігі, бұл әлемнің әртүрлі ірі ғылыми-зерттеу орталықтарының зертхана­лық зерттеулерімен расталған. Әзірлеушілердің айтуынша, мас­калар халықаралық стандарттарға сәйкес келеді.

Медициналық маскаларды өндірушілерге керағар пікірлер де азаймай отыр. Мәселен, Жапо­нияның Киодо агенттігі ғалам­шар экологиясы үшін бір рет қол­­данылатын медициналық мас­калардың қауіптілігі туралы айтады. Пандемиямен күресу аясында медициналық маскаларды сату науқаны көш басында тұр. Сон­дықтан оларды әлем халқы осы аптап ыстық мезгілде де қолданып келеді.

Киодо агенттігінің пікірінше, жаһан жұртында мұндай биология­лық қауіпті қалдықтарды қалай кәдеге жарату керектігі туралы тү­сінік қалыптаспаған. Кейбір елде қоқысты дұрыс жою үшін ешқандай жағдай жоқтығын да сөз етеді. Агенттік әлемнің әр түк­­­­піріндегі басылымдардың сө­зін келтіріп, Күншығыс елінің жағалауында бірреттік маскалар су айдынында қалқып жатқанын айтады. Медициналық қалдықтар саны Түркия мен Еуропа елде­рінің жағалауларында жиі бай­қала бастаған. Ал Франция эко­логтерінің айтуынша, теңіз бен мұхит суларында көп ұзамай медузалар емес, маскалар шоғы­рын көруге қорқатынын мәлім­дейді. Себебі мұндай маска қал­дықтары адамның жейтін асынан және балықтың ішек қуысынан табылған. Бұл микроплас­тика бөл­шектеріне ыдырау үшін жүз жылдан астам уақыт қажет.

Әр алуан пікірлер тоғысы, әрине, бізді сан-саққа жүгіртері анық. Алайда денсаулығыңызды сақ­тап, иммунитетіңізді нәрлі тағам­дармен толтырған құптарлық болар еді.

Бөлісу:
«Ақылды маскалар» вирустан қорғай ала ма? · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар