Аймақтар
1 мин оқу 291

Тұмауға қарсы қарекет

<p style="text-align: justify;">Шығыс Қазақстанда тұ&shy;мау және ЖРВИ маусымына орай 88 359 вакцина сатып алынған. Тағы 160 мың вакцина алу жоспарланған.</p>

Тұмауға қарсы қарекет

Өткен жылдың қазанынан бері аймақта жалпы саны 60 455 адам тұмау және ЖРВИ ауруларына шалдыққан. Негіз­гі өсім ағымдағы жыл­дың қаңтар және ақпан ай­ларында білінді. Биыл сатып алынған вакцина көле­мі өткен жылмен салыс­тыр­ғанда екі есе көп.

Бұдан бөлек облыста болуы мүмкін коронавирус індетінің екінші толқынына да дайындық қарқынды түрде жүргізілуде. Ауруханаларда 7 069 орын дайындалып, 10 цифр­лы рентген аппарат, 158 өкпені жасанды желде­ту аппараты және 1066 от­тегі концентраторы сатып алын­ған. Әлбетте, ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жо­лын іздеу ләзім.

Шығыс Қазақстан облысы

Бөлісу:
Тұмауға қарсы қарекет · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар