Медицина
2 мин оқу 406

Жасанды интеллект індетке шалдыққандарды емдеуге септеседі

<p style="text-align: justify;">Бұл күндері мегаполис індеттің екінші толқынын болдырмау үшін барлық амалдарды қарастырып отыр. Бұған дейін де Алматы ақпараттық технологиялар көмегімен коронавирус жұқтырғандарды жылдам анықтайтын бағдарлама жасауға ұмтылғанын жариялаған едік.</p>

Жасанды интеллект індетке шалдыққандарды емдеуге септеседі

Ендігі жерде Алматы қалалық қоғамдық ден­саулық басқармасы, цифр­ландыру басқармасы мен iMedHub компаниясы бірігіп, қанатқақты жобада интеллект алгоритмі негізінде коронавирус инфекциясымен өкпенің зақымдануын ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік бе­ретін жүйені іске қосты. Ком­пьютерлік томография кезінде бұлтты қоймаға жіберуге мүмкіндік бе­ретін PACS жүйесі орналастырылды, ол жерде өңдеу, аналитика жүргізіледі және сипаттама қосылады.

Қазіргі уақытта «iMedHub медицинасы және нейрондық желі» жобасы №1 қалалық емханада және №7 қалалық клиникалық ауруханада ақпараттық жүйелермен біріктірілген, сондай-ақ жақын арада 56 емхананы қосу жоспарланып жатқан жайы бар. Сонымен қатар №29 қалалық емханада және №18 қалалық емханада интеграциялау бойынша қанатқақты жұмыстар жүр­гізілуде.

«iMedHub медицинасы және нейрондық желі» жобасы орталық стансадан қашықтан жедел әрекет ету мүмкіндігі бар ахуалдық орталықтан тұрады. Бұл сізге зерттеуге өтінімдерді автоматты түрде жіберуге, қабылдауға, тіркеуге, диаг­ноз қоюға және дәрі-дәр­мек терапиясын тағайын­дау кезінде шешім қабыл­дауға мүмкіндік береді. Аталған жүйеде дәрігер мен науқас арнайы қосым­ша арқылы сөйлесе алады. Жасанды интеллект меха­низмін қолдана отырып, ше­шім­дерді қолдау жүйесі диаг­ноз қойылғанға дейін адам үшін қауіп дә­ре­жесін анықтауға мүм­кіндік бе­реді. Оның қа­зіргі жағ­­дайын бағалау және ас­қынуларды алдын ала болжауға жол ашады. Бұдан басқа, жоба госпитальдық блок­тағы әр науқастың жағ­дайын ақылды монито­рингтеуге арналған ор­та­­лықтандырылған Цифр­лы жүйені құ­руы керек, болжамды ауыр­лық дәрежесіне байланыс­ты емханадағы науқас­тардың мақсатты бөлінуін анықтауы тиіс. Әрбір нау­қастың ем-домын жүр­гізудің нақты статистикасы мен талдауы үшін бірыңғай медициналық платформа құрылады.

Бизнес-процестерді оң­тайландыру, сәулелік диагностика бөлімшесінің өнімділігін арттыру (ор­та есеппен 70%) және қар­жылық ресурстар­ды үнемдеу үшін Орта­лық­тан­дырылған меди­циналық мұрағат (PACS) жүйесін енгізу жоспарланып отыр.

Әрбір медициналық ұйым 2 жыл сақтау мерзі­мімен жергілікті PACS жүйе­сімен (MINI-PACS SERVER) жабдықталады. Қалалық ұйымдардың ақпараттық жүйелері жергілікті PACS жүйесімен (MINI-PACS SERVER) біріктірілмек. Бұл деректер 5 жыл сақтау мерзімімен орталықтандырылған ме­дициналық мұрағатқа (CloudPACS Server) жіберуді қамтамасыз етеді. Сонымен қатар барлық деректерді (суреттерді) веб-шолушы құралы ұсынады. Қажет болған жағдайда, кез келген өндіруші радио­логының толыққанды стансасын қосуға болады.

Осы арада еліміз­де әзірленген Орталықтан­дырылған медициналық мұрағат (PACS) шетел­дік шешімдерге қара­ғанда 2,5 есе арзан еке­нін айта кету керек. Ор­талық­тандырылған ме­­­­ди­ци­налық мұрағат жүйе­­сінің (PACS) көме­гімен диагностикалық қон­дырғылардан дәрі­герге және бірінші дәрі­герден екінші дәрі­гер­ге бейнелерді жіберу, дерек­терді сақтау, кес­кін­дер­ді электронды мұ­рағатта беру нұсқалары қолжетімді болмақ. Барлық медициналық ұйымдар деректерге қашықтан қол жеткізе алады.

Бұл жоба жеке IT-биз­нес пен медициналық ұйым­дардағы әкімшілік бөлімінің өзара іс-қимыл нәтижесіндегі жақсы кейс­терінің бірі.

АЛМАТЫ

Бөлісу:
Жасанды интеллект індетке шалдыққандарды емдеуге септеседі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар