Жаңалықтар
1 мин оқу 286

Заңнамаға арналған конференция

«Қылмыстық және Қылмыс­тық-атқару кодекстерінің жаңа редакциялары мен жаңа­ Қылмыстық іс жүргізу кодексі­нің жобасы: адам құқықтары жөніндегі халық­аралық стан­дарттарды Қазақстан Респуб­ли­касының заңнамасы мен практикасына имплементтеу» конференциясы өтті.

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Қазақстан Республикасының Пар­ла­менті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті мен Ас­танадағы ЕҚЫҰ Орталығымен бірлесіп, Орталық Азиядағы Халықаралық түрме реформасының қолдауымен ұйым­дастырған іс-шараға мемлекеттік орган­дар­дың басшылары, Парламент депутаттары, халықаралық ұйымдар мен азамат­тық сектордың өкілдері, сондай-ақ, бел­гілі ғалым-құқықтанушылары қатысты.

Конференция барысында қазір­гі уақытта өткізіліп жатқан қыл­мыстық, қылмыстық іс жүргізу және қылмыстық-атқару заңнамасын жаңғырту контексінде күн тәртібінің өзекті мәселелері жөнінде мәнді ой-пікірлермен алмасу жүзеге асырылды.

Қатысушылар Парламенттің құрылған жұмыс топтары шеңберінде кодекстердің жобаларымен жұмыс істеу барысы туралы хабардар болды, деп хабарлады Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл аппаратының баспасөз қызметі.

Бөлісу:
Заңнамаға арналған конференция · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар