Коронавирус жұқтырған дәрігерлер өтемақы алды
<p style="text-align: justify;">Бүгін сағат 09:00-дегі жағдай бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан COVID-19 инфекциясын жұқтырған және вирустық пневмониямен ауырған 1581 медицина қызметкеріне өтемақы төленді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Сондай-ақ індеттен қайтыс болған 22 медицина қызметкерінің туыстарына 10 млн теңгеден төлем аударылды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Өңірлер арасында COVID-19 жұқтыру немесе вирустық пневмониямен ауыру салдарынан ең көп төлем алған – Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларының, Ақмола және Қарағанды облыстарының медицина қызметкерлері.
Айта кетейік, коронавирус инфекциясын жұқтырған немесе вирустық пневмониямен ауырған медицина қызметкерлеріне – 2 млн теңге өтемақы, ал коронавирус инфекциясын жұқтырып немесе вирустық пневмониямен ауырып қайтыс болған дәрігерлердің отбасына 10 млн теңге көлемінде өтемақы төленеді.