Жапония үкіметі отставкаға кетті
<p style="text-align: justify;">Жапония премьер-министрі Синдзо Абэнің үкіметі толық құрамда отставкаға кетті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> РИА Новостиге сілтеме жасап.</p>

Негізгі лауазымдардың көпшілігі Синдзо Абэ үкіметінің құрамына кіретін министрлерде қалуы мүмкін, дегенмен кейбір өзгерістер болуы ықтимал.
Либерал-демократиялық партияның жаңа жетекшісі Есихидэ Суга сәрсенбіде Жапонияның премьер-министрі қызметіне кіріседі.
Парламент Суганы ресми түрде күннің екінші жартысында өтетін кезектен тыс сессияда премьер-министр етіп сайлауы мүмкін. Осыдан кейін ол жаңа министрлер кабинетін құрады.
Синдзо Абэ 28 тамызда күтпеген жерден созылмалы ауруының өршуіне байланысты қызметінен кететінін айтты.