Аймақтар
1 мин оқу 620

Алматы облысында 82 тауарлы-сүт фермасы бар

<p style="text-align: justify;">Бүгінгі күнге дейін Алматы облысында сыйымдылығы 25,7 мың бас болатын 82 сүт фермасы бар. Жыл басынан бері Қаратал, Іле, Еңбекшіқазақ және Панфилов аудандарында сыйымдылығы 2400 бас болатын 6 тауарлы-сүт фермасы іске қосылды,&nbsp;деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, жыл соңына дейін облыста сыйымдылығы 2 мың басқа арналған 6 тауарлы-сүт фермасын пайдалануға беріледі деп жоспарланған. 8 айдың қорытындысы бойынша облыста 547,5 мың тонна сүт өндірілді. Оның 89,0 мың тонна сүті тауарлы-сүт фермасына тиесілі. 

Өткен жылы облыста 788,2 мың тонна сүт өндірілгенін, оның ішінде 87,2 мың тоннасы тауарлы-сүт фермаларында өндірілгенін атап өткен жөн. 2020 жылға арналған сүт өндіру жоспары 816,7 мың тоннаны құрайды. Оның ішінде тауарлы-сүт фермаларының үлесі  92,0 мың тонна.

Бөлісу:
Алматы облысында 82 тауарлы-сүт фермасы бар · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар