Аймақтар
1 мин оқу 203

Қостанай облысындағы өрттен 7 жастағы бала қайтыс болды

<p style="text-align: justify;">Бейімбет Майлин ауданына қарасты Береговой кентінде екі пәтерлі үйден өрт шығып, салдарынан 7 жасар бала көз жұмды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;облыстық ТЖД-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.&nbsp;</p>

Қостанай облысындағы өрттен 7 жастағы бала қайтыс болды

Оқиға 16 қыркүйекте таңғы сағат жеті шамасында болған.

Өртенген үйге келген мамандар ғимарат ішінен 2013 жылы туған баланың денесін алып шықты. Сондай-ақ, оның 1959 жылы туған әжесі ауыр жарақатпен Рудный қаласындағы ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалап отыр.

Өрт тек 8:17-де ауыздықталып, 9:50-де толығымен сөндірілді. Барлығы 100 шаршы метр аумақ жанып кеткен.

Мамандар қазір өрттің шығу себебін анықтап жатыр.

Бөлісу:
Қостанай облысындағы өрттен 7 жастағы бала қайтыс болды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар