Технология
2 мин оқу 980

Белсенділендірілген көмір – made in Shubarkol

<p style="text-align: justify;">ERG (Еуразиялық топ) құрамындағы &laquo;Шұбаркөл көмір&raquo; АҚ тәжірибелік-өнеркәсіптік қондырғысында іске қосу мен жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында белсендірілген көмірдің алғашқы байқау партиясы өндірілді. Кәсіпорынның өнеркәсіптік алаңындағы химиялық зертханада өнімге талдау жасалып, оның сапасы өте жақсы екені расталды.</p>

Белсенділендірілген көмір – made in Shubarkol

«Шұбаркөл көмір» – Қазақ­стандағы ең ірі энергетикалық көмір өндірушілердің бірі. Кө­мір­ді ашық әдіспен өндіретін, сондай-ақ спецкокс және кокс газынан электр қуатын өндірумен айналысатын аталған кәсіпорын жоғары құнарлығы және күлді-­лігінің төмендігі арқылы эко­логиялық жағынан таза энергия тасымалдаушыға жатады. «Шұбаркөл көмір» АҚ кокс-хи­мия­лық цехы негізінде ұсақ кокс­тан тәжірибелік-өнеркәсіптік белсендірілген көмірді өндіру жобасы отандық ғалым-техно­логтар әзірлеген технологияны енгізуді қарастырады. Оның кәсіпорын ғана емес, ТМД елдері аумағында теңдесі жоқ. Жобаны кәсіпорын «ERG ғылыми-зерттеу инжиринг орталығы» ЖШС-мен бірлесіп жүзеге асырып жатыр. Нысанның өндірістік қуаты – жылына 1 мың тонна белсендірілген көмір.

Жобаның басты мақсаты – импортты алмастыру мәселесін шешу. Белсендірілген көмірді қолдану саласы өте кең: гидроме­таллургиялық, алтын қазу, фосфат өнеркәсібі, су тазарту. Бүгінгі таңда аталған өнімге сұраныс жоғары болғанына қарамастан, (жылына 7 мың тоннадан артық) барлық белсендірілген көмір Қазақ­станға шетелден жеткізіліп келеді.

– Шұбаркөлдік белсен­дірілген көмірдің басты артық­шылығы – шикізат ретінде арзан­ кокс ұса­ғын және энергия тасымалдаушы ретінде жағылатын кокс газын пай­даланатындықтан өзіндік құны төмен болып келеді. Бұл жағ­дай өндіріс қалдықтарын кәдеге жарату іспетті өте маңызды мәселені шешуге септеседі, – деді «Шұбаркөл көмір» АҚ опера­циялық тиімділік бөлімінің басшысы Александр Лапшин. – Соны­­мен қатар осы технология бойын­ша алынған белсендірілген көмір нарықтағы барлық өнімнен еш кем түспейді. Бірақ өзіндік құ­ны негізгі бәсекелестерінен 1,5-3 есе­ге дейін төмен.

Іске қосу мен жөндеу жұмыс­тарына «Шұбаркөл көмір» АҚ мамандарынан бөлек, жобаны ғылыми-техникалық тұрғыдан «ERG ҒЗИО» ЖШС және «АимЛаб» ЖШС мамандары сүйе­мелдеді. Қашықтықтан қо­сы­лу арқылы жабдықты жасап­ шыққан өндіруші-зауыттың «Сплайн-М» ЖШҚ (Ресей Феде­рациясы) мамандары да жұмысқа жұмыл­дырылған.

Кәсіпорын стандартын алу үшін белсендірілген көмірдің тәжірибелік үлгілері тәуелсіз зертханаға тапсырылды. Келесі кезең – «Шұбаркөл көмір» АҚ-та белсендірілген көмірді өндіру мен өткізуді бастауға мүмкіндік беретін сапа сертификатын алу.

Шұбаркөл мамандары әзір­ле­ген жобаны оңтайлы пай­даға жарату кәсіпорында жаңа жұмыс орындарын ашуға мүм­кін­дік береді. Сонымен қатар қазақстандық өндірушілер шыға­ратын өнім үлесін көбейтеді.

Елеулі қосымша құны бар өнім өндірісі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айтылған әртараптандырылған технологиялық экономика құру тапсырмасын орындау аясында жүзеге асырылады.

Бөлісу:
Белсенділендірілген көмір – made in Shubarkol · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар