Футбол
1 мин оқу 346

Құрлық додасында гол соқты

<p style="text-align: justify;">Футболдан Қазақстан ұлттық құра&shy;масының ойыншысы Бауыржан Исламхан Азия чемпиондар лигасында гол соқты.</p>

Құрлық додасында гол соқты

Жерлесіміз өнер көрсететін БАӘ-нің «Аль Айн» командасы Азия чемпиондар лига­сының топтық кезеңінің үшінші турында қатарлық «Аль Саддпен» кездесіп, 3:3 есебімен тең тарқасты.

Есепті бірінші болып алаң иелері ашты. Ойынның 5 минутында Того құра­масының ойыншысы Лабаның қанжығасы майланса, араға 30 минут салып қонақтар сапында Акрам Афиф көзге түсіп, есепті теңестіріп кетті.

Кездесудің 38-минутында әмірлік командасы алға шықты. Исламхан айып алаңы­ның сыртынан жойқын соққы жасап, чемпиондар лигасындағы ең әдемі голдардың бірін соқты. Бұл кешке қонақтар сапында Касорла (55-минут) мен Бунеджах (60-минут) мергендік танытса, Хоухи («Аль Садд») автоголдың авторы атанды.

Бөлісу:
Құрлық додасында гол соқты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар