Әлемдік экономика COVID-19 кесірінен 7 трлн $ жоғалтуы мүмкін

2021 жылды қортындылағанда әлемдік экономикадағы ІЖӨ 7 трлн $ жоғалтуы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz Les Echos газетіне сілтеме жасап.

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ОЭСР) болжамы бойынша SARS-CoV-2 адамзатты осындай орасан қаражаттан айыруы мүмкін көрінеді. Ұйымның бас экономисі Лоранс Бун:
"Бұл-әлемдік экономика үшін ауыр салмақ", дей келе осыған дейін алдағы жылы экономиканың жылдамырақ қалпына түсуі жайындағы бұрын айтылған жорамалдардың қателігін және дүниежүзінің әлі де біраз коронавируспен қоштаса қоймайтынына қынжылыс танытты.
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының бұрынғы есептеріндегі болжауда 2020 жылғы ІЖӨ-нің төмендеуі 4,5 пайыз шамасында болады деген-ді. Ал жаңа жорамал оның 6 пайызды құрайтынын болжатып отыр.