Спорт
1 мин оқу 780

"Барыстың" үш хоккейшісі коронавирус жұқтырып алды

<p>"Барыстың" үш хоккейшісі - қорғаушы Джесси Блэкер, шабуылшы Якоб Лилья және қақпашы Йони Ортио коронавирус жұқтырып алуы мүмкін, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

"Барыстың" үш хоккейшісі коронавирус жұқтырып алды

"Литер" басылымы клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлаған ақпараты бойынша, бұл үш хоккейші де елордалық команданың өткен кездесуіне қатыспады. Себебі, олардан ЖРВИ симптомдары байқалған. Ал өткен кездесуге қатыспаған Даррен Дицте ешқандай вирусқа белгілер жоқ. Ол кішігірім жарақат алып қалыпты. 

Еске салайық, бүгін қазақстандық команда ойыншыларынан вирус шықты деген ақпарат тарады. Егер ақпарат расталса, команда карантинге кетіп, ҚХЛ-дегі алты ойынға қатыспайды. "Барыс" командасының өкілдері бұл ақпаратқа байланысты әлі пікір білдірмеді. 

Бөлісу:
"Барыстың" үш хоккейшісі коронавирус жұқтырып алды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар