Аймақтар
1 мин оқу 170

Қостанайда 14 велосипед ұрлаған күдікті ұсталды

<p style="text-align: justify;">Қостанай полицейлері 14 велосипед ұрлаған күдіктіні ұстады. Бұрын сотталған 34 жастағы ер адам қараусыз қалған көлік құралдарын түнде торуылдап жүріп тұрғын үйлердің кіреберісінен айдап әкетіп отырған, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қостанайда 14 велосипед ұрлаған күдікті ұсталды

"Соңғы бір-екі ай ішінде велокөлігін ұрлатқан тұрғындардан түскен шағым жиілеп кетті. Алдына ала іздестіру шараларының нәтижесінде жедел уәкілдер 34 жастағы күдіктіні ұстады. Оның 14 велокөлік ұрлағаны дәлелденіп отыр. Ол  велосипедтерді бірден сатып жіберіп отырған. Көлік құралдарын сатып алған адамдар да анықталды. Біз биыл велосипедтерді таңбалауға, яғни әрбір жеңіл көлік құралына арнайы құрылғы арқылы жеке нөмірлік белгі қоюға көштік. Бұл велосипед ұрлығын ашуды едәуір жеңілдетеді. Өткен жылы базаға енгізілген 550-ден бірде-бір велосипед ұрланған жоқ. Бұл мәселе бойынша кез келген адам полиция басқармасына жүгіне алады және 10 минут ішінде оның көлігіне жеке нөмір жазылады. Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз болуы керек", дейді Ербол Тайбеков.

1

Қазір күдіктіге қатысты барлық заттай айғақтар алынып, Қылмыстық кодекстің 188-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қостанай облысы

Бөлісу:
Қостанайда 14 велосипед ұрлаған күдікті ұсталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар