Елбасы "Праймериз" жүйесіне тіркелді
<p style="text-align: justify;">Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев үміткерлерге дауыс беру үшін "Праймериз" жүйесіне тіркелді. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай <a href="https://twitter.com/Aidos_Ukibay/status/1306573725186297857">Twitter</a> парақшасында жазды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p> <p> </p>
"Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев кандидаттардың сайлауалды бағдарламасымен танысып, дауыс беру процесіне қатысу үшін "Праймериз" ақпараттық жүйесінде авториязациядан өтті. Өздеріңізге белгілі, праймериздің онлайн дауыс беру рәсімі биыл 1-3 қазан аралығында өтеді", деп жазды Айдос Үкібай.
Айта кетейік, "Nur Otan" праймеризі партия лидері Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен еліміздің партиялық-саяси даму тарихында тұңғыш рет республикалық партияішілік сайлау ауқымында өтеді.