Өнер
2 мин оқу 1,130

Көркем өнер керуені

<p style="text-align: justify;">Ұлттық музейде &laquo;Өнер төресі&raquo; атты музей қорынан жи&shy;нақ&shy;талған сәндік-қолданбалы өнер көрмесі ашылды. Көр&shy;менің мақсаты көпғасырлық ұлттық тәжірибемен байыған қазақстандық сәндік-қолданбалы өнерді насихаттауға негізделген.</p>

Көркем өнер керуені

Көрменің ашылу салтанатында Ұлттық музейдің заманауи өнер бөлімінің жетекшісі Мә­дина Досаноманова, Қазақ­станның Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Суретшілер және ди­зайнерлер одағының мүшесі Тілеужан Батанов, сәндік-қол­дан­балы өнер шебері Дария Кали­мова-Қастеева құттықтау сөз сөй­­леп, шараның маңыздылығын ашып көрсетті.

Көрмеге ХХ ғасырдың екінші жартысындағы шеберлердің ту­ын­дылары, сондай-ақ заманауи суретшілердің киізден, ағаш­тан жасалған еңбектері, инс­тал­ляциялар, гобелендер, зер­гер­лік бұйымдар қойылды. Көр­меге ке­лушілер Мұхамеджан Зей­нел­хан, Бәтима Зәуірбекова, Сәу­­ле және Әлібай Бапановтар, Сер­­жан Баширов, Эдуард Каза­рян, Латиф Қазбеков, Тілеужан Батанов сынды әлемдік көркем­сурет кеңістігінде өзіндік қол­таң­басы бар қылқалам ше­берлерінің туындыларымен танысты.

1

– Көк түріктен тараған ұрпақ болғандықтан, біздің негізгі ба­ғытымыз – ата-бабадан қалған мұ­раны, ұлттық құндылықтарды бүгінгі заман талабымен үйлес­тіре отырып, дәріптеу екені даусыз. Соның арқасында ісіміз алға басып келеді. Мына заттардың әрқайсысының жеке-жеке тарихы бар. Бұл жердегі сәнді бұ­йымдар адамның жанына шуақ сыйлап қана қоймай, өткен дә­уірдің естеліктерімен қайта қауышуға мүмкіндік сыйлайды. Негізінен қазақ халқының ұлттық ерекшелігін көрсететін заттар. Мені қызықтырғаны да сол, – деді М.Зейнелхан.

Халқымыздың ғасырлар қой­науынан бастау алатын ұлт­тық кәсібі мен қолөнеріне негізделген сәндік-қолданбалы өнері ұлттың әдет-ғұрпымен, өмір салтымен, эстетикалық көзқарастарымен тығыз байланысты. Заманауи сурет­шілердің тенденциялары әртүрлі материалдар мен тех­никаларды біріктіре, абстрак­цио­нистердің сурет салу тәжір­биелері киіздің бетін көшіре отырып, коллаж әдісін пайдаланып жасаған киіз туындылардан көрінеді. «Мұрагерлік» және «са­бақтастық» тендециялары және заманауи бейнелеу өнерінің композициялық тәжірбиесін иге­­ру ши бетіне салынған ою-өрнек­терден байқалады.

1

Көрмеге 70-ке жуық өнер туындылары қойылды. Экспозицияда ұсы­нылған бұйымдар қазақ хал­қының мәдени-тұрмыстық ерек­шеліктерін көрсетеді және қазақ ұлттық мәдениетінің біре­гей бө­лігі болып табылады.

Бөлісу:
Көркем өнер керуені · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар