Қоғам
1 мин оқу 490

Ауруханаға шабуыл жасады

<p style="text-align: justify;">Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен келген мына хабарға таңғалмасқа лажың жоқ. Онда Есіл ауданының бір тұрғыны аудандық ауруханаға келіп, дәрігерлерді ұрып, &laquo;жедел жәрдем&raquo; көлігін айдап әкетпек болғаны туралы айтылады.</p>

Ауруханаға шабуыл жасады

Полицияның хабарына қарағанда, 37 жастағы адам масаң күйде «жедел жәрдем» көлігін шопырынан тартып алып, мініп кеткен. Сосын басқа жерде тұрған «ВАЗ 2121» қызметтік автокөлігіне соғы­лып, тоқтаған. Жүргі­зушіні де соққыға жыққан. Шақырту бойынша жеткен учаскелік полиция инспекторы бұзақыны күшпен ұстаған.

Есіл ауданы полиция бөлі­м­­і­нің бастығы, подпол­ковник Ерлік Есләмбеков аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің шаралары басталғанын мәлім етті. «Құқық бұзушы Қылмыстық кодекстің «Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құ­қық­қа сыйымсыз иеленіп алу» туралы 200-бабы бо­йын­ша айып­талуда. Сонымен қа­тар оған Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің «Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы», сол сияқты «көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уыт­құ­мар­лық масаң күйдегі адамның басқа­ру­ына беру» бабы бойынша хаттама толтырылды. Сотқа дейінгі тергеу 20 тәулік әкімшілік қамау жазасын өтегеннен кейін жалғасатын болады. Жүргізушіні соққыға жығу фактісі бойынша про­цес­суалдық шешім сот-меди­ци­на­лық сараптамасынан кейін қабылданатын болады», деді ол.

Солтүстік Қазақстан облысы

Бөлісу:
Ауруханаға шабуыл жасады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар