Аймақтар
1 мин оқу 403

Алматы облысында 3 жыл бұрын түрмеден қашқан қылмыскер ұсталды

<p style="text-align: justify;">Полицейлер үш жыл бұрын қашып кеткен күдіктінің қорлға түсірді. Осы уақыиқа дейін ол мемлекетаралық іздеуде болған, деп хабарлайды <a href="https://egemen.kz/">Egemen.kz</a> Жамбыл облысының полиция департаментіне сілтеме жасап.&nbsp;</p>

Хабарланғандай, қылмыскер Жамбыл облысында жазасын өтеген, бірақ оны Алматы облысында ұстапты.

"Іздестіру" жедел-алдын алу іс-шараларын жүргізу барысында Жамбыл облысының полиция қызметкерлері Қылмыстық Кодекстің 427-бабы "жазасын өтеуден жалтару" бойынша іздестіріліп жатқан адамды ұстады. Сотталған азамат  2017 жылдың қыркүйегінде Тараздағы колониядан қашқан. Алдын ала мәліметтер бойынша, іздестіріліп жатқан адам - Алматы облысының тұрғыны", делінген хабарламада.

Ұсталған азамат қамауға алынып, кейін Таразға жіберіледі.

Бөлісу:
Алматы облысында 3 жыл бұрын түрмеден қашқан қылмыскер ұсталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар