Аймақтар
1 мин оқу 300

Атырау ауруханаларында 6 оттегі стансасы іске қосылады

<p style="text-align: justify;">Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек ​ Қабдықапаров мәлімдеді, деп хабарлайды <a href="https://egemen.kz/">Egemen.kz.</a></p>

Атырау ауруханаларында 6 оттегі стансасы іске қосылады

"Облыстық ауруханада, №2 облыстық ауруханада, облыстық кардиологиялық орталық пен Құрманғазы, Жылыой, Қызылқоға аудандық ауруханаларында орталықтандырылған оттегі стансасының құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, Индер, Исатай аудандық ауруханаларында оттегі стансасын орнатуды қаржыландыру мәселесі қаралуда" деді Нұрлыбек ​ Қабдықапаров.

Оның мәліметіне қарағанда, медицина мекемелері 224 өкпені жасанды желдету, 27 рентген, 10 компьютерлік томография, 977 оттегі генераторымен, сондай-ақ,  1100 пульсоксиметрмен қамтылып отыр. Сондай-ақ, жеке қорғаныш құралдарының​ екі айлық қоры жасақталған. Дәрі-дәрмектің жеткілікті қоры бар.

Бөлісу:
Атырау ауруханаларында 6 оттегі стансасы іске қосылады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар