Қоғам
1 мин оқу 1,010

"Алматы қаласының құрметті азаматы" атағы кімдерге берілді?

<p style="text-align: justify;">Алматы қаласы күні қарсаңында мәслихаттың LXVII сессиясында бірқатар азаматқа "Алматы қаласының Құрметті азаматы" атағы берілді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Алматы күні қарсаңында 10 адам "Алматы қаласының Құрметті азаматы" атанды. Олар:

Нина Әмірқызы Каюпова – Акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығының дәрігері, профессоры, бас ғылыми қызметкері

Шамша Көпбайқызы Беркімбаева – қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым экс-министрі

Роза Қуанышқызы Рымбаева – эстрада әншісі, киноактриса, педагог-профессор

Досхан Қалиұлы Жолжақсынов – театр және кино актері

Болат Жәмитұлы Өтемұратов – мемлекет және қоғам қайраткері

Тілеуберді Кеңесбайұлы Қуандықов – А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының анестезиология және реаниматология бөлімінің меңгерушісі

Қабдеш Жұмаділ – Қазақстанның халық жазушысы

Рахман Алшанұы Алшанов – Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы

Тұрарбек Мәжілұлы Асанов – мемлекет және қоғам қайраткері

Ахан Құсайынұлы Бижанов – Алматы қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы.

Бөлісу: