Аймақтар
1 мин оқу 423

Атырауда 1000 текше метрден астам су сорылды

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Сенбіде Атырауда толассыз жаңбыр жауды. Қала көшелері суға толды. Осыған орай коммуналдық қызмет көліктері су соруға кірісті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>

Атырауда 1000 текше метрден астам су сорылды

"Атырау облысы Су Арнасы" КМК көліктеріне қоса қосымша техникалар тартылды. Жайық сол жағалауындағы су соруға 11 вакуум-автомашина жұмылдырылды. Олар Азаттық, Әуезов даңғылдарында, Берғалиев, Уәлиханов, С.Датов көшелерінде су сорып алды. Қаланың басқа бөлігінде арнайы автобазаның 8 вакуумы жұмыс істеді. Көшелерден барлығы 1000 текше метрден астам жаңбыр суы сорылды" деп хабарлады Атырау қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бұл жұмыс бүгін жеке сектордағы үйлерін су басқан тұрғындардың өтінішімен жалғасады.

Бөлісу:
Атырауда 1000 текше метрден астам су сорылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар