Әлем
1 мин оқу 710

Шолпанда тіршілік болуы мүмкін

<p style="text-align: justify;">НАСА ғарыш агенттігі алдағы уақытта ғарышқа планетааралық төрт зонд жібермек. Олардың қатарында Шолпан планетасы да бар. Ғалымдардың болжамына сүйенсек, онда тіршілік көзі болуы ықтимал.</p>

Шолпанда тіршілік болуы мүмкін

Зерттеушілер Шолпанның қышқылды бұлт­­тарында микробтар болуы мүмкін деп есеп­­тейді. Олар фосфин қалдықтарының плане­­тада бар екенін анықтаған. Бұл жердегі отте­гі­сіз ортадағы бактериялар шығаратын газ. Ғалым­­дардың болжамы нақтыланса, алғаш рет жер­­ден тысқары аспан денесінде тіршілік табылмақ.

НАСА қазіргі таңда күн жүйесіне планета­аралық төрт зонд жіберуді жоспарлап отыр. Солар­дың бірі – DAVINCI+ деп аталады. Атал­ған зонд Шолпан планетасының атмосферасын зерт­тейтін болады.

«DAVINCI+ миссиясымен жұмыс істейтін астробиолог Дэвид Гринспунның сөзіне сүйенсек, ғарыш кемесі Венераның атмосферасына еніп, онда не болып жатқанын білуге мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, IVO – Юпитердің Ио жанартаулы серігіне, Trident – Нептунның ең үлкен серігі Тритонға жіберілмек, ал VERITAS миссиясы Венераның геологиялық құрылымын зерттемек», дейді Reuters.

Бөлісу:
Шолпанда тіршілік болуы мүмкін · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар