Жапонияда жаңа премьер-министр сайланды
<p style="text-align: justify;">Жапонияның өкілдер палатасы ішкі сай­лау өткізіп, Есихидэ Суганы ресми түрде жаңа премьер-министр лауазымын атқа­руға лайық деп шешті. Сондай-ақ ол Либе­ралды-демократиялық партияның да тізгінін ұстады.</p>

28 тамызда Синдзо Абэ денсаулығының нашарлауына байланысты премьер-министр қызметінен кететінін мәлімдеген еді. Осылайша елде үкімет басшысын сайлау өтті.
Жаңадан қызметке кіріскен Е.Суга елдің экономикасын қалпына келтіру және коронавирус инфекциясымен күресуге ерекше назар аударатынын жеткізді. Сондай-ақ ол несие-қаржы саясатын ырықтандырып, қаржылық ынталандыру шараларын орындамақ. Яғни жаңа басшы Синдзо Абенің ұстанған саясатын жалғастыратынын мәлімдеді.
Сондай-ақ жаңа премьер-министр ел экономикасын күшейтіп, жаһандық дағдарысқа жол бермеу үшін қабылданатын бірқатар шараны атап өтті. Мәселен, коронавирус инфекциясымен күреске, зардап шеккен кәсіпкерлерге субсидия бөлу мен ішкі туризмді дамытуға 2,2 трлн доллар бөлінбек. Бұдан бөлек ұлттық қауіпсіздікке қатысты саясат қайта қарастырылмақ.
Е.Суганың сөзіне сүйенсек, ол бұрынғы үкімет мүшелерін ауыстыруға асықпайды. Әзірге ол министрлер кабинетіне сенетінін айтып отыр.