Әлем
1 мин оқу 322

Рут Бейдер Гинзбург қайтыс болды

<p style="text-align: justify;">АҚШ Жоғарғы сотының мүшесі Рут Бейдер Гинзбург 87-ге қараған шағында қайтыс болды. Оның қатерлі ісікке шалдығып, науқастанып жүргеніне біраз уақыт болған-ды.</p>

Рут Бейдер Гинзбург қайтыс болды

Гинзбург – АҚШ тарихындағы Жоғарғы сот судьясы атанған екінші әйел. Ол бұл қызметті 1993 жылдан атқарып келді. Сол кездегі АҚШ президенті Билл Клин­тон оны Жоғарғы сот судьясы ретінде тағай­ын­дады. Гинзбург әйел құқығы мен гендер­лік теңдік үшін күрескен судья ретінде та­нылған.

Рут Бейдер Гинзбург 1933 жылы Нью-Йорк қаласында дүниеге келген. Ол АҚШ-тың беделді оқу орындары Корнелл, Гарвард және Колумбия университеттерінде білім алған. Оқуын аяқтаған соң адвокат ретінде қызмет етіп, әйелдердің құқығын және дискриминацияға тап болған азаматтардың құқықтарын қорғаумен айналысты.

Бөлісу:
Рут Бейдер Гинзбург қайтыс болды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар