Оқиға
1 мин оқу 2,503

Түрмеде жатып екі жобаның авторы атанды

<p style="text-align: justify;">Ақтау қа&shy;ласындағы ГМ-172/8 қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтеу&shy;&shy;&shy;ші бірден екі сирек кездесетін жобаны жасақтап шық&shy;ты. Жобаның бірі &ndash; адам ағзасын қысқамерзімді оттегімен қанықтыруға арналған болса, екіншісі автокөліктердегі пайдаланылған газды сүзуге арналған құрылғы. Қазақстанда &laquo;жасыл экономиканы&raquo; дамытуға қатысты жобаларына авторлық құқық алу үшін ол сегіз ай бұрын патенттік бюроға өтініш берді.</p>

Түрмеде жатып екі жобаның авторы атанды

Жоба жасауға қызыққан жазасын өтеушінің бірінші жобасына Мәскеу авиация институтының инженерлері көмек беріпті.

– Қазір мен жай ойланып, жазып-сызып қоймаймын, жанымда идеяларымды жүзеге асы­руға көмектесетін тағы бір автор бар. Мәскеулік инс­титутқа, оның инженерлеріне алғыс айтамын. Менің жобаларымдағы негізгі мақсат – елімізде «жасыл экономиканы» дамытуға атса­­лысу. Қазақстанның озық технологиялар­ды қолданушы ғана емес, оны өндіретін жаңа­лықтардың елі болғанын қалаймын, – дейді ол.

– Азамат 2014 жылы сотталған. Өзінің ай­туын­ша, есірткіге тәуелділік салдарынан қылмыс жасаған ол қазір өзгерген. Жазасының жұмсаруына байланысты ол өзінің жаңа идея­ларының көрінуіне ұмтыла бастады. Енді екі айдан соң патенттік бюро нақты шешім қабыл­дайды, – дейді Қылмыстық-атқару жүйесі Маң­ғыстау облыстық департаменті бас­тығының орын­басары Қанат Жарылғапов.

Жаңа өмірге бет бұрғандай жан дү­ниесін тыныштықпен байланыс­трған азамат өз уақы­тының көп бөлігін өсім­діктерге күтім жасауға арнайды. Өзі мұны табиғатты түсінуге және жаңа идеялардың өмірге келуіне мүмкіндік береді деп есептейді.

Маңғыстау облысы

Бөлісу:
Түрмеде жатып екі жобаның авторы атанды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар