Теннис
1 мин оқу 153

Ширек финалда жеңілді

<p style="text-align: justify;">Қазақстандық теннисші Юлия Путин&shy;цева Римде (Италия) өтіп жатқан WTA санатындағы халықаралық турнирдің алғашқы кезеңінде сәтті өнер көр&shy;сеткенімен, ширек финалда жолы болмады.</p>

Ширек финалда жеңілді

Жарыстың ¼ кезеңінде жерлесіміз қазіргі таңда әлемдік рейтингте екінші орында тұрған әйгілі румыниялық теннисші Симной Халеппен кездесті. Алғашқы кезеңде Пу­тинцева 6:2 есебімен қарсыласына есе жі­берсе, екінші сетте де 2:0 есеп айырмасымен жеңіліп жатқан еді.

Жеңісті жұлып алу үшін барын салған отандасымыз абайсызда жарақат алып, ойын­ды жалғастыра алмай жарыстан шы­ғуға мәжбүр болды. Екі теннисші кортта 48 минут шеберлік байқасты. Осылайша, Юлия Халептен екінші мәрте жеңіліп отыр. Бұған дейін де екеуі бір мәрте кортта жо­лығып, бәсеке румыниялықтың жеңісімен аяқталған-ды.

Еске сала кетейік, осы жарыстың ширек финал бәсекесі үшін өткен кездесуде Путинцева Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакинаны жеңген еді.

Бөлісу:
Ширек финалда жеңілді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар