Экология
1 мин оқу 292

"Қазгидромет" Бурабайдағы балық қырылған көл суын тексерді

<p style="text-align: justify;">Әлеуметтік желілерде Щучье-Бурабай курорттық аймағының көлінде балықтардың қырылғаны туралы хабарлама тарады, деп хабарлайды <a href="https://egemen.kz/">Egemen.kz</a>.</p>

Ақпаратқа байланысты, 2020 жылғы 14 қыркүйекте "Қазгидромет" РМК Ақмола облысы бойынша филиалы Бурабай көлінің 5 нүктесінде жерүсті суларының сынамаларына жоспардан тыс іріктеу және талдау жүргізді:

1 нүкте: балықтардың қырылу орны;

2 нүкте: балықтардың қырылу орнынан оңға қарай 250 м;

3 нүкте: балықтардың қырылу орнынан оңға қарай 500 м;

4 нүкте: балықтардың қырылу орнынан солға қарай 250 м;

5 нүкте: балықтардың қырылу орнынан солға қарай 500 м;

ОБТ5 бойынша суды талдау нәтижелері норма шегінде (2,22-5,67 мг/дм3) және қауіпті металдар шоғырлануының шектен асып кетуі байқалмаған. 

Бөлісу:
"Қазгидромет" Бурабайдағы балық қырылған көл суын тексерді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар