Аймақтар
1 мин оқу 160

Көкшетаудағы денсаулық сақтау және білім нысандарына жылу берілмек

<p style="text-align: justify;">Көкшетауда денсаулық сақтау және білім нысандарына жылу беріледі, деп хабарлайды <a href="https://egemen.kz/">Egemen.kz</a> қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Ведомствоның мәліметінше, сыртқы ауа температурасының төмендеуіне байланысты Көкшетау қаласы әкімінің 21 қыркүйектегі қаулысына сәйкес "Көкшетау су арнасы" коммуналдық кәсіпорнына қалаға жылу жіберу туралы тапсырма берілген.

"Осы қаулыға сәйкес қыркүйектің 21-і күні түнгі сағат 24:00 дейін мектеп және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына, оқу орындарына, емдеу-алдын алу мекемелеріне, балар үйлері-интернатына, мүгедектер үйінен жылу берілсе, қыркүйектің 21-і күні түнгі сағат 24:00 дейін тұрғын үйлер мен мемлекеттік әкімшілік ғимараттарға және өзге де жылу энергиясын тұтынушыларға жылу жіберіледі", дейді ведомстводан.

Бөлісу:
Көкшетаудағы денсаулық сақтау және білім нысандарына жылу берілмек · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар