Бағдарламалар
2 мин оқу 381

Бес жылдық бағдарлама таныстырылды

<p style="text-align: justify;">Nur Otan партиясының Jas Otan жастар қанатының 2025 жылға дейінгі &laquo;Жастар &ndash; Отанға!&raquo; бағдарламасы таныс&shy;тырылды. Ұйым басшылары жастар саясатын дамытуға бағытталған жас қазақстандықтар өмірінің негізгі салаларын қамтитын жаңа бағдарлама арқылы азаматтардың өмір сапасы мен қоғамдық белсенділігін арттыруды көздеп отыр.</p>

Бес жылдық бағдарлама таныстырылды

Осы орайда Jas Otan жастар қанатының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев бағдарламаның ерек­шелігі мен дайында­лу барысы туралы айтып бер­ді. Nur Otan партиясының көшбас­шысы Н.Назарбаевтың тапсыр­масы бойынша 5 жылға жос­пар­ланған «Жастар – Отан­ға!» бағдарламасының жобасы әзірленді. Бағдарлама елі­міз­дің үздік сарапшылары мен саясаттанушылардың қаты­суымен жастар мәселесіне қатыс­­ты халықаралық ұйым­дардың концепциялары, әлемдік үр­діс­тер мен тәжірибелерді ес­кере отырып дайындалды. Бағдар­ламаны дайындау барысында бізге әлеуметтік желілер, онлайн және офлайн кездесулер мен талқылаулар арқылы 3 765 ұсыныс келіп түсті. Сонымен қатар жақында jasotan.kz сайтында бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралармен нақты көрсеткіштер көрсетілген 216 шарадан тұратын жол картасын жарияладық», дейді ұйым жетекшісі.

Jas Otan жастар қанаты Жас­тар жобалары және аналитика басқармасының басшысы Нұрзина Қыдыралина бағдар­лама аясында қамтылатын 5 не­гізгі бағытқа тоқталды. «Бүгін­де біз негізгі бес маңызды бағыт бойынша жұмыс атқарамыз. Олар еліміздің әр жас азама­ты­ның өмірінің барлық саласын қамтиды. Бұл – жастардың азаматтық бастамаларын қолдау, білім беру сапасын арттыру, жұмыспен қамту, тұрғын үймен қамтамасыз ету және олардың бос уақытының тиімді өтуіне атсалысу», деп нақтылады ол.

Партияның жастар қана­ты бес жыл ішінде жастар арасын­дағы жұмыс­сыздық деңгейін 3,7%-ға, NEET жастардың үлесін 6,8%-ға дейін төмендетуді жос­парлап отыр.

Жол картасында ауыл жастарына, дәлірек айтқанда олардың бос уақытын ұйымдастыруға ерек­ше көңіл бөлінген. Атап ай­тар болсақ, жоба бойынша ауыл­дық жерлерде жалпы ал­ғанда 450 мың адамды қамтитын спорт нысандары салынады.

Студенттер мәселесі де шет қалмаған. Бағдарлама аясында республика студенттерінің
25%-­ы­ жатақханамен қамтама­сыз етілмек.

Аталған жаңалықтармен қа­тар жасотандықтар Саяси менедж­­мент мектебімен бір­лесіп жаңа жобаны қолға алды. Қыр­­күйек айында «Sana» тұл­ғалық даму мектебі онлайн дәрістерін бастайды. Қатысу­шылар шешен­дік өнер, эмоционалды интеллект және көшбасшылық, интернет-маркетинг модульдері бойынша тегін білім ала алады.

Бөлісу:
Бес жылдық бағдарлама таныстырылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар