Аймақтар
2 мин оқу 921

Жасыл желекті «жақтырмайтын» Ақтау

<p style="text-align: justify;">Ақтауға ағаш отырғызылып, көгал егілмеген кез кемде-кем. Жыл сайын көктем шыға жерді қопсытып, бұталы өсімдіктерді буду-буда етіп отырғызу &ndash; үйреншікті көрініс. Жұмыс жылдар бойы үздіксіз жалғасады, бірақ Ақтау жасыл желек жамылмайды. Неге? Маңғыстаудың шөлейтті климатында ащы сулы теңіздің жағасында ағаш отырғызып, жасылға жан бітірудің &laquo;тілін&raquo; таба алмадық па? Уақытымен суарып тұрса қаулай құлпырғысы келіп тұрған өскінге мезгілінде су жетпеудің салдары ма?</p>

Жасыл желекті «жақтырмайтын» Ақтау

Бір кездері «Маңғыстауда егін егіп, ағаш отырғызудың емін таптық, ол – тамшылатып және шашыратып суару. «Қалауын тап­са, қар жанар» демекші, енді бұл өлкеде тек өңкей қарағаштар емес, ағаштың басқа да түрлері, көкмайса құлпыратын болады. Баяғыша жабайы егіп, жайдақ суару – құр шығын екен» деп қуана жар салып, жердің жайын, егін егудің бабын білетіндерді тауып, бұл бағыттағы жұмыстарға өзгеше екпін, жаңаша серпін бере іске кіріспек болғандар есі­­мізде. Алайда қуаныш тек ха­­бар күйінде қалды. Ал жыл са­йын жазда Ақтау қаласында кө­ше бойы талдарын суару ұлы айқайға ұласады. Биыл да көз ал­ды­мыздағы көшедегі ағаштар суға сусаған күйінде жадап-жү­деп жаз­ды өткізді...

Бірақ тиісті орындардың талабы жақсы, су жоқ деп тарты­нып қалмайды, тал егуден жаңыл­май­ды. Биыл Ақтауда күзгі мау­сымда 960 метр аумаққа 160 жа­пырақты және 160 қылқан жа­пырақты, бар­лығы 320 ағаш отыр­ғызу жос­парланып отыр.

Мамандардың айтуынша, күз­­­­де көшет отырғызу суық ауа ра­­йы­ның басталуынан 15-20 күн бұ­рын аяқталуы керек. Ақтауда ағаш отырғызу ағымдағы жыл­дың қыркүйек айының ортасынан қа­рашаның ортасына дейін жүзеге асы­рылады. Сондай-ақ алдағы уақытта 7 мың шаршы метр жерге көгал егу де жоспарда тұр.

Жалпы, Ақтауда 67 мыңға жуық ағаш бар. 2019 жылдан бер­гі аралықта қала аумағында 1 150 дана ағаш, 3 мың дана рау­­шан гүл, 12 мың дана бұта, 218 мың дана бір жылдық гүл отыр­ғызылды. Қалада биыл 5 мың шар­­шы метр жерге көгал егіліп, ор­талық көшелерге бір жыл­­дық гүлдер мен раушан гүл­де­рі отырғызылды. Жаңадан суа­­ру құбырлары шағын аудан бұ­­­рыш-бұ­рышына, саябақтарға, сквер­­­­лерге және әуежай жолына ор­­на­­тыла бастады. Гүл мен шөп егіл­ген жерлерге спринклерлік, яғ­ни жаңбырша шашыратып суару әдісі қосылған. Бүгінгі таң­да абат­тандыру жұмыстары жал­ғасуда.

– Шашырата суару әдісі бо­йын­­ша жасалған құбырларды тек­­серу жұмыстары жүруде. Жа­рыл­­­ған жерлері жасалып, қала аума­­­ғында құбыр жоқ жер­лер­ге жа­ңасы орнатылады. Жоспар бо­йынша жол жиектеріне орна­ту­ды көз­деп отырмыз, деді «Қа­ла жол­дары» ЖШС басшысы Ғ.Серікбаев.

Жұмыс жүріп жатыр. Бірақ жаңбыры сирек өңірде жаз бас­та­лысымен неше көшеттің, қан­ша өскіннің көктемей солып, қу­раған қалпы құрдымға кететіні уайым.

Маңғыстау облысы

Бөлісу:
Жасыл желекті «жақтырмайтын» Ақтау · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар