Білім
2 мин оқу 193

Қашықтан оқу баланың жүйкесіне қаншалықты салмақ түсіреді?

<p style="text-align: justify;">Коронавирус инфекциясының алдын алу мақсатында ұйымдастырылған қашықтан оқу жүйесіне қатысты алматылық психологтар балаларға осы мерзімде қаншалықты көңіл бөлу керектігі мен уақытын тиімді пайдаланудың жолдарын түсіндірді.</p>

Қашықтан оқу  баланың жүйкесіне қаншалықты салмақ түсіреді?

Балалар мен ата-аналардың психологиялық бейімделуі тұрғысында кеңес берген ЮНИСЕФ және республикалық «Психикалық денсаулық ғы­лы­ми-практикалық орта­лы­ғының» ұлттық тренері, педагог-психолог Жұлдыз Маха­та­ева қашықтан білім алу ке­зеңін­де мұғалімде де, ата-ана мен балада да үрейдің болуы қалып­ты жағдай деп атап өтті. Ең бастысы – байбалам салмау. «Соңғы уақытта өмір сүру дағдыларымызға өзгерістер енді. Әрине, емін-еркін ойнап, қа­лып­ты жағдайда білім алуға үй­ренген балалар үшін алдағы уақытта да карантин режімін сақтай отырып, достарымен, сыныптастарымен кездесу мүм­кіндігі шектеледі. Мұндай жағ­дай­да білім алу оңай емес. Де­ген­мен де, баланың көңіл-күйі мен сапалы білім алуына барынша көңіл бөлу ата-аналардың жауапкершілігінде.

«Қашықтан оқыту – бұл бос әурешілік емес. Тиісінше, күндізгі режімде оқу үшін арна­йы уақыт бөлу керек. Бұл үшін балаға қолайлы орта қажет. Жұмыс үстелі, қа­жет­ті құралдары мен оқу­лық­­тары қолжетімді әрі ұқып­ты жинастырылғаны абзал. Бұл іске баланың өзін де үнемі жұ­мыл­дырып отыру ұқып­ты­лық­қа, жауапкершілікке бау­ли­ды. Сабаққа қажеттілерді қол­же­тім­ді аймаққа қойып, гаджет­тер­­ге көңілі бөлінбес үшін басқа бөлмеде қалдыру керек», дейді маман.

Арнайы бөлме болмаған жағдайда оқу бұрышы тиянақ­та­лып, сыртқы дыбыстарға, үй жұмыстарына алаңдамай, зейінмен жұмыс істеуі тиіс. Ал уақытты біліп отыру үшін, сағат­тың көру аймағында орна­лас­қаны жөн.

Қашықтан білім алу ке­зін­де балалардың физикалық бел­сен­ді­лігіне көңіл бөлу керектігін алға тартқан Жұлдыз Махатаева «Физикалық күш-жігерді қа­жет ететін кез келген әрекет ба­ла­ға оң ықпалын тигізеді. Бөлмелерді тазарту, жаттығу жасау, ән айту, би билеу, тоқу, әшекей бұйымдар жасаудың баланың зерікпеуіне әсері мол. Баланы мәжбүрлемеуге тырысып, қызықтыратын іске жұ­мыл­дырған жөн әрі қандай іске қызығушылығы бар екенін де анықтап алу маңызды» деді.

Сонымен қатар балаларды жақын адамдарына, яғни атасына, әжесіне, іні-қарындастарына, үй жануарларына қамқорлық жасауға тәрбиелеудің де ма­ңы­зы зор. «Менің көмегім керек», «менсіз істей алмайды» деген жауапкершілікті сезіну де карантин жағдайында балаларды күйзелістен құтқаруға ықпал етеді.

Мектептердегі кезекші сы­нып­­тарда білім алатын оқу­шы­лар үшін мектеп аума­ғын­да қа­уіпсіздіктің күшеюі, ата-ана­лар­дың вирустан қорғану талаптарын дұрыс түсінуі маңызды. Әрі балаларды қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға баулудың маңызы зор. Егер де әр ата-ана баласына қамқорлық жасап, вирустан қорғану шараларын күшейтсе, онда барлық отбасы да аман болады. Ал дені сау отбасынан асқан қуаныш жоқ.

АЛМАТЫ

Бөлісу:
Қашықтан оқу баланың жүйкесіне қаншалықты салмақ түсіреді? · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар