Спорт
1 мин оқу 200

Рыбакина мен Диас жарысты жеңіспен бастады

<p style="text-align: justify;">Қазақстанның қос теннисшісі &ndash; Елена Рыбакина мен Зарина Диас Францияның Страсбург қаласында өтіп жатқан жүлде қоры 225&nbsp;500 еуроны құрайтын турнирді сәтті бастады, деп хабарлайды <a href="https://egemen.kz/">Egemen.kz.</a></p>

Рыбакина мен Диас жарысты жеңіспен бастады

Алғашқы айналымда еліміздің бірінші ракеткасы, WTA тізімінде 18 сатыға жайғасқан Елена Рыбакина бельгиялық Гретье Минненмен кездесті. Жерлесіміз әлемдік рейтингте өзінен әлдеқайда төмен тұрған (111 орын) қарсыласын бұл жолы да қапы қалдырды. Есеп – 7:5, 6:4. Кеше Рыбакина франциялық Ализе Корнемен (52 орын) шеберлік байқасты.

Зарина Диас (76 орын) пен америкалық Кристина Макхэйл (81 орын) арасындағы бәсеке өте шиеленісті өтіп, екі сеттің тағдыры тай-брейкте шешілді. Шешуші тұста ширақ қимылдаған Диас бұл матчты 6:7, 7:5, 7:6 есебімен өз пайдасына шешті. Бүгін ол жапониялық Нао Хибиномен (84 орын) күш сынасады.    

Бөлісу:
Рыбакина мен Диас жарысты жеңіспен бастады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар