Аймақтар
1 мин оқу 790

Оралда әйел адам пойыз астына түсіп көз жұмды

<p style="text-align: justify;">Оралда әйел адам пойыз астына түсіп көз жұмды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Батыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, оқиға бүгін Желаев жолы мен Ружейников көшесі қиылысындағы теміржол өткелінде болған.

Оқиға орнына дереу жедел жәрдем сағат 13.17-де шақырылып, бригада 13.22-де жетті. Пойыздың астына түскен жасы 50-лердегі әйел жедел жәрдем келгенге дейін тіл тартпастан оқиға орнында көз жұмды.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі болған оқиғаны растады. Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Бөлісу:
Оралда әйел адам пойыз астына түсіп көз жұмды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар