Әлем
1 мин оқу 260
Ресейде Су-30 ұшағы апатқа ұшырады
<p style="text-align: justify;">Ресейдің Тверская облысында Су-30 жойғыш ұшағы жоспарлы оқу-жаттығу ұшуын өткізу кезінде апатқа ұшырады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.</p>
"22 қыркүйекте Тверская облысында жоспарлы оқу-жаттығу ұшуын өткізу кезінде Батыс әскери округінің Су-30 ұшағы апатқа ұшырады. Экипаж аман-есен шығып, қонғаннан кейін ұшқыштар байланысқа шықты", делінген хабарламада.
Округтің мәліметінше, қазір экипаж мүшелері аэродромға эвакуацияланған. Оқиғаның себептері мен оның мән-жайын анықтау үшін апат орнына Батыс әскери округінің комиссиясы жіберілді.
Бөлісу: