Әлем
1 мин оқу 190

Facebook АҚШ сайлауынан кейінгі тәртіпсіздікке дайындалуда

<p style="text-align: justify;">АҚШ-тағы сайлаудан кейін туындайтын тәртіпсіздіктің алдын алу мақсатында Facebook әлеуметтік желісінде дайындық қызу жүріп жатыр, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Facebook-тің саясат және коммуникациялар бөлімінің бастығы Ник Клегг Financial Times газетіне берген сұхбатында Президенттік сайлаудан кейін тәртіпсіздік басталса, шұғыл шаралар қабылдайтынын айтып өтті. Сондай-ақ ол компанияның "азаматтық толқуларға" жауап беру және сайлаудан кейін болуы мүмкін "саяси дилеммаларды" азайту үшін бірқатар шектеу шарасын ойластырғанын айтты.

Бұдан бөлек, ол Facebook-ке шабуылдаушылар аталған ақпараттарға қарсы шаралар қолдана алады деп өз жоспарларының егжей-тегжейін ашудан бас тартты.

Еске сала кетейік, АҚШ-та  президент сайлауы 3 қарашада өтеді.

Бөлісу:
Facebook АҚШ сайлауынан кейінгі тәртіпсіздікке дайындалуда · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар