Экономика
1 мин оқу 320

Ұлттық банк теңгенің әлсіруіне қатысты түсінік берді

<p style="text-align: justify;">Ұлттық банк теңгенің әлсіреуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды <a href="https://egemen.kz/">Egemen.kz</a>&nbsp; Банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Бүгінгі биржа сауда-саттығындағы теңгенің бір АҚШ долларына шаққандағы бағамы 423,70 деңгейінде жабылды.

"Мұнай нарығындағы теріс серпін Қазақстанның валюта нарығына да әсер етті. Кешегі күні теңге 0,2%-ға әлсіреді, ал бүгін сауда-саттықты 422,9-дан бастап, бір күнде 0,4%-ға әлсіреді. Қазақстан қор биржасының сағ. 17:00-дегі жабылу бағамы 423,70 деңгейінде тіркелді. Ұлттық валютаның серпіні негізгі іргелі факторлар қозғалысының соңынан ілесуде", деп түсіндірді банктің баспасөз қызметі.

Бөлісу:
Ұлттық банк теңгенің әлсіруіне қатысты түсінік берді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар