Аймақтар
1 мин оқу 223
Маңғыстауда есірткі сақтаған ер адам 10 жылға сотталды
<p style="text-align: justify;">Маңғыстау облысында ірі көлемде марихуана есірткісін сақтағаны үшін ер адам 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Маңғыстау станциясындағы желілік полиция бөлімі кадр саясаты тобының инспекторы, полиция аға лейтенанты Дәурен Нариманов айтты, деп хабарлайды <a href="https://egemen.kz/">Egemen.kz</a>.</p>
Жедел іздестіру шарасы барысында полиция қызметкерлері Маңғышлақ кентінде 32 жастағы ер адамды ұстаған. Тексеріс барысында ер адамның гаражынан аса ірі көлемде ерекше иісі бар жасыл түсті өсімдік табылған.
Бөлісу: