Экономика
1 мин оқу 196

Темір жолмен 267 млн тонна жүк тасымалданды

<p style="text-align: justify;">Биыл жыл басынан бері елімізде темір жол көлігімен жүк тасымалдауда оң серпін бар.</p>

Темір жолмен 267 млн тонна жүк тасымалданды

Былтыр осы кезеңде аталған көрсеткіш 263 млн тонна болса, биылғы 8 айда 267 млн тоннаға жетіп, 1,5% өсім болды. Бұған Экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі кешенді жос­пар шеңберінде уақтылы қа­бы­л­данған шаралар ықпал етті.

Атап айтқанда, жүк жө­нел­ту­шілер үшін жүктерді сақ­тау, вагондардың тұрғаны үшін алымдар мен төлемдер, сондай-ақ айлық өтінімдер бойынша тиеу жоспарын орындамағаны үшін салынатын айыппұлдар алынып тасталды.

Бұдан басқа, төтенше жағ­дай кезінде және амалсыз бос тұрған уақытта жолаушыларды тасымалдаушыларды қолдауға кеткен шығындарды субсидиялау және еңбекақы төлеу қорына қатысты шаралар қабылданды.

Бөлісу:
Темір жолмен 267 млн тонна жүк тасымалданды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар